Алматыда жүзу техникасы бойынша вебинар өтті

Almaty Triathlon Federation (ATF) ұйымдастырған кезекті интерактивті вебинар КИМЭП университетінің аудиториясында өтті.

Біздің спикер-жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындары мен жүзуден Азия Чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, екі дүркін Ironman Евгений Азарьев триатлондағы жүзу кезеңінің нюанстары туралы айтып берді. "Судағы дене жағдайы","есу техникасы","қателер және оларды жою жолдары" - бұл және басқа да сәттер сабақта қарастырылды.

ATF семинарлары интерактивті режимде өткізіледі: оларға басқа қалалар мен елдерден триатлон әуесқойлары қосыла алады. Бұл семинарды мына сілтеме бойынша көруге болады: https://youtu.be/hCeJ47RBGzI

Almaty Triathlon Federation ҚБ маңызды іс-шараны ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін КИМЭП университетінің басшылығына алғысын білдіреді!

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ