Александр Тен Еуропа Кубогында топ жарды

4 маусымда полшалық Жешуве қаласында жасөспірімдер арасындағы триатлоннан Еуропа кубогы өтті. Сайысқа он елден келген 45 спортшы қатысты. Қазақстан атынан үш алматылық спортшы: Александр Тен, Егор Крупяков пен Данил Породнов сынға түсті. Александр Тен мәре алдында бәсекелестерінің алдын орап, жеңісті болды.

Сайыс Жвировня көлінде 750 м қашықтыққа жүзуден басталды. Үздік үш жүзгіштің қатарында венгриялық Мартон Кропко (00:08:58) и Дьюла Герго Соос (00:09:15), және де аустриялық Симон Фрайзингер (00:09:30) болды. Егор Крупяков алтыншы орында жүшіп шықса (00:09:46), Данил Породнов он жетінші (00:10:05), Александр Тен соңғылардың ішінде (00:10:19) болды.

Сайыскерлерге тар көшелердің бойымен жүргізілген 20 шықырымдық велодода көп қиыншылық тудыртты. Спортшыларымыздың басты мақсаты көш бастаған бәсекелестерді қуып жету еді. Азаннан басталған құйын спортшылардың жұмысын күрделендіріп, трассаны сырғанақ жолға айналдырды. Тас жолдың сырғанақ болғанжығы сонша, коньки тебуге болар еді. Жолда тайып құлағандар аз болмады. Бірінші айналымнан соң Породнов топпен бірге құласа да сайысты жалғастыруға жігерленді. Крупяков та екінші айналымда құлағанына қарамастан, Тенге алға шығуға көмектесіп әлек болды. Екінші транзиттік зонаға спортшыларымыз 20 секундқа ұтылып келді.

Бес шақырымдық жүгіру кезеңінің ортасында Тен ұтылған уақытын 8 секундқа дейін қысқартып үлгерді. Соңғы айналымда ол алда келе жатқан спортшыларды қуып жетіп, мәре сызығына жетерде қарсыластарының алдын орап әкетті. Польшалық Камил Кулик (01:00:02) пен Куба Гайда (01:00:07) сан соғып, жүлдегерлер қатарында қала берді. Команданың жеңісі үшін тер төккен Крупяков сайысты он төртінші орында (01:02:05) тәмамдаса, Породнов он алтыншы (01:02:26) болып мәреге жетті.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ