Ғалымжан Есенов Еуропа кубогында жеңіске жеткен Алматылық триатлоншыларды құттықтады.

Алматы триатлон федерациясының (АФТ) негізін қалаушы және Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ғалымжан Есенов Еуропа кубогында жеңіске жеткен Алматылық триатлоншылар Егор Крупяков пен Александр Тенді жеңісімен құттықтады. 2023 Europe Triathlon Junior Cup Yenisehir Түркияның Мерсин қаласында өтті.

“Әлемнің 19 елінен келген спортшылар қатысқан тартысты күресте "алтын" мен "күміс" жүлдеге ие болып, мәреге бірінші келген Егор мен Александрды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын”, - деді ол.

Федерацияның негізін қалаушысының сөздеріне сүйенсек, алматылық спортшылардың қазақстандық және халықаралық турнирлерде көрсеткен тұрақты жоғары нәтижелері, оңтүстік астанада дарынды спортшыларды анықтауға, олардың қабілеттерін дамытуға, жалпы қалыптасқан спорттық экожүйенің дамуымен тиімділігін көрсетеді.

Алматы Триатлон Федерациясының (АФТ) негізін қалаушы, сондай-ақ 6 жыл бойы басқарып келген Ғалымжан Есенов, федерацияның қазіргі басшысы Валихан Тен мен жаттықтырушылар құрамын және бүкіл құраманы жеңістерімен және биылғы маусымның тамаша аяқталуымен шын жүректен құттықтады.

2023 жылғы 21 қазанда Мерсин қаласында (Түркия) әлемнің 19 елінен келген спортшылар қатысқан 2023 Europe Triathlon Junior Cup Yenisehir триатлоннан Еуропа кубогы өтті. Қазақстан атынан Алматы қаласының спортшылары: Александр Тен, Егор Крупяков, Саид Назаров, Милена Саприна және Дарья Бычкова қатысты. Жарыстың нағыз кейіпкерлері Егор Крупяков пен Александр Тен болды, олар өте қиын күресте "алтын" мен "күміс" жүлдеге ие болып, мәре сызығындағы жеңісті итальяндық спортшы Andrea Balestreri-ден жұлып алды.

Ғалымжан Есенов 2017 жылдан 2022 жылға дейін Алматы Триатлон федерациясын басқарды. Осы уақыт ішінде 50 медаль жеңіп алынып, оның ішінде 4 медаль 2019 жылы Кореяда өткен, спринттен Азия Чемпионатының алтыны, Орталық Азия Чемпионатының алтыны (Қырғызстан) және Польшада өткен Еуропа Кубогының алтыны. Осы кезеңде Алматы қаласының құрамасы республикалық жарыстарда 131 медаль жеңіп алды, оның 46-сы алтын.

Сондай-ақ, 2018 және 2019 жылдары Қазақстан триатлон Федерациясымен бірлесе отырып, АТФ Азия кубоктарын (ASTC Almaty Triathlon Asian Cup) ұйымдастырып, өткізді, оған жалпы 500-ден астам адам қатысты.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ