Алматылық триатлеттер - құрмет тұғырында!

Өскеменде кәсіби атлеттер арасында триатлоннан Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты аяқталды. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 101 атлет, оның ішінде Алматының 15 өкілі қатысты.

Алматылық атлеттер дайындықтың жақсы деңгейін көрсетті - құрама қоржыны жеті медальмен толықтырылды. Осылайша, Elite санатында қыздар арасында Юлия Озерова мен Дарья Бычкова тиісінше екінші және үшінші орынды иеленді; Ануар Тұрыбаев M-Elite атлеттері арасында екінші орынға ие болды; U-17 санатында Милена Саприна екінші мәреге жетті; Александр Молчанов U-17 санатында үшінші орынға ие болды.

Әдеттегідей, біздің жас жігіттер U-19 санатында сөзсіз көш бастады. Чемпионаттың «алтынын» Александр Тен, «күмісті» Егор Крупяков жеңіп алды.

Спортшыларымызды құттықтаймыз!

Чемпионаттың толық қорытындысын www.triathlon.org.kz сайтынан көре аласыздар.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ