Алматы қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің барлық оқушыларына спорттың циклдік түрлері бойынша!

Алматы қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің барлық оқушыларына спорттың циклдік түрлері бойынша!

Құрметті достар! Сіздерде 2021 жылдың 3-26 мамыр аралығында Қапшағай су қоймасында Almaty Triathlon Federation ҚБ ұйымдастыруымен өтетін оқу-жаттығу жиындарының ашық сабақтарына қатысудың бірегей мүмкіндігі бар!

Біздің жаттықтырушыларымыздың басшылығымен сіз өзіңіздің спорттық көрсеткіштеріңізді жақсарта аласыз және триатлоннан Алматы құрамасының мүшелерімен бірлескен жаттығуларда күшіңізді тексере аласыз!

Оқу-жаттығу жиынына қатысу ТЕГІН! Сізге тек жол ақысын, тамақтану және оқу-жаттығу жиыны өтетін жердегі қонақ үй ақысын төлеу қажет.

Сондай-ақ, сіз кез-келген басқа оқу-жаттығу жиындарын таңдап, өзіңізге ыңғайлы уақытта бізге қосыла аласыз. Оқу-жаттығу жиындарының күнтізбесі Almaty Triathlon Federation сайтында орналастырылған: https://almatytriathlon.org/ru/events.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз: +7 777 707 2030

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ