Алматыда триатлон бойынша алғашқы чемпионат өтті

2018 жылдың 31 наурызында «Алматы Арена» кешенінде Алматы қаласының бірінші чемпионатына 9 жастан 23 жасқа дейінгі 80 жас атлеттер жиналды. Жарыстар екі қашықтық бойынша өткізілді. 9 жастан жоғары спортшылар акватлонға (жүзу – 50 м, жүгіру – 1 км) қатысты. 15 жастан 23 жасқа дейінгі юниорлар үшін міндет күрделендірілді: оларды «Триатлон-суперспринт» (жүзі - 300 м, велоэтап - 8 км., жүгіру - 2 км) сайысы күтіп тұрды.

«Чемпионатқа қатыс – құрама мүшесі бол!» ұраны бүкіл шараға ерекше мәртебе бергендігін атап кетейік. Межеге тек медальдар мен грамоталар ғана қойылған жоқ, юниорлар алдында үлкен спортқа деген жол ашылып тұрды. Сондықтан жарыстар үш сағатқа дейін жалғасты – барлық атлеттерді тоғыз топқа бөлуге тура келді, бұл жаттықтырушыларға әр қатысушыға жеке көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Чемпионаттың бас төрешісі, Алматы қ. аға жаттықтырушысы Павел Артюшенко шараның қорытындыларын жасады:

- Біз тек Алматы қаласының құрамасын қалыптастырып отырмыз. Бір жарыстың нәтижелері бойынша кімнің негізгі құрамға кіретінін кесіп айтуға болмайды. Құраманың негізгі тізгіні белгіленуі үшін әлі де болса бірнеше сайыс өткізу керек болады. Бірақ бүгінгі күннің өзінде біз болашағы бар 12 баланы көздеп алдық, олармен жұмыс жасайтын боламыз. Біз бүгінгі жеңістер – бұл тек қаланың құрамасына, кейіннен – ұлттық командаға деген жол ғана емес, бұл болашақ Олимпиадаларға деген жол деп есептейміз.

- Біз үшін аса маңызды міндет – триатлон және оған кіретін спорт түрлерін таныту және насихаттау болып табылады, - деді Алматы Триатлон федерациясының атқарушы директоры Руслан Когай. – Бүгін сіздер осы жарыстардың балаларға қуаныш әкелгенін, олардың қашықтықтарға қалай ұмтылғанын көрдіңіздер! Бұл арада 10 жыл өткеннен кейін осы юниорлардың аттары бүкіл спорт әлемін дүркіретініне үміт ұялатады!

Жарыстар қорытындылары бойынша келесі атлеттер жеңімпаздар және жүлдегерлер болды. 12-14 жастағы ұлдар арасында 04:47 минут нәтижесімен алтын медальді Александр Тен иеленді, осы санатта қыздар арасында жеңімпаз Алена Сергазина болды. Ол екі қашықтықты 07:42 минутта бағындырды. 21-33 жастағы ересектер арасында 25:43 минут нәтижесімен Рауан Ниетбай үздік атанды, ал қыздар арасында 24:53 минут уақытпен ең бірінші болып Жанель Надирова мәреге жетті. Жүлдегерлер медальдар және дипломдармен марапатталды.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ