13 қараша 2020
2020 жылдың 5 желтоқсанында Indoor триатлоннан ашық чемпионаты өткізілмейді
Құрметті триатлеттер!
Almaty Triathlon Federation басшылығы Алматы қаласындағы қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 қазандағы №64 қаулысына байланысты 2020 жылдың 5 желтоқсанында Indoor триатлоннан ашық чемпионатының өткізілмейтіндігі туралы хабарлайды.
2021 жылға арналған спорттық іс-шаралар күнтізбесіндегі барлық өзгерістер туралы біздің сайтымыздан және әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан біле аласыз.