Қазақстан триатлон федерациясы Алматы қаласындағы интернаттар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар жасады

My Win жобасының қатысушылары – Қазақстанның оңтүстік астанасындағы интернаттар мен балалар үйлерінен 176 бала World Class Almaty фитнес-клубында жаттығудан өтті.

My Win жобасы үш жылдан бері жүзеге асырылып отыр, оның ұйымдастырушысы - Champ1on қорының президенті Любовь Пак. Жобаның мақсаты - балалар үйінің тәрбиеленушілерін, мүмкіндігі шектеулі балаларды және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды триатлон арқылы спорттық іс-шараларға тарту. Бірнеше айдан бері күн сайын My Win және World Class Almaty триатлон мектебінің жаттықтырушылары балаларға триатлон шеберліктерін тегін үйретуде. Одан кейін Almaty Triathlon Federation қолдауымен жылына екі рет қалалық чемпионаттар өткізеді, оның қорытындысы бойынша қатысушылар сыйлықтар – велосипедтер және жазғы сауықтыру лагерьлеріне жолдама алады.

Келесі чемпионат 2020 жылдың 24 сәуірінде өтеді, ол дәстүр бойынша World Class Almaty қабырғасында өтеді. Ал әзірше, Тәуелсіздік күні қарсаңында 176 бала ҚТФ-ның негізгі әріптесі Coca Cola Almaty Bottlers фирмалық футболкаларын алды.

- Мен Қазақстан Триатлон Федерациясына, Almaty Triathlon Federation, World Class Almaty басшылығына алғысымды білдіремін, - дейді Любовь Пак кездесуде, - Біз үш чемпионатты өткіздік, осының барлығы сіздердің көмектеріңізбен қолдауларыңыздың арқасында. My Win жобасының қатысушыларына көптеген спорттық бастамалар мен жарқын жеңістер тілеймін.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ