Қазақ спорт және туризм академиясында триатлон бапкерлерерін оқытатын мамандық ашылды

2020 жылдың ақпан айында Қазақстан Триатлон Федерациясының бірінші вице-президенті және Almaty Triathlon Federation басшысы Ғалымжан Есенов жогары оқу орнында триатлон бапкерлерін даярлауға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөнінде бастамашылық етті. Бұл бағыттағы жұмыс бір жылға созылды және бүгін елде алғаш рет Қазақ спорт және туризм академиясының негізінде триатлон мамандарын даярлайтын, шетелдік сараптамадан өткен тәжірибелік бағыттағы 6В01402 «Дене шынықтыру мұғалімі және триатлон бапкері» атты білім беру бағдарламасы даярланды. Қазақстан жағынан сарапшы ретінде ҚТФ бас хатшысы Максим Крят пен ҚТФ спорт директоры Сергей Майер қатысты.

2021 жылдың 20 қаңтарында Қазақ спорт және туризм академиясында өткен бағдарламаны әзірлеушілер тобының кездесуінде жаңа бағдарламаны іске асыру және ілгерілету жөніндегі бірлескен қызмет талқыланды. Колледждер, спорт және жалпыға ортақ білім беретін мектептердің түлектерімен жүргізілетін кәсіби бағдарлау жұмыстарының жоспары белгіленді.

Бағдарлама триатлонның теориялық және практикалық негіздерін, триатлонның спорт жүйесіндегі рөлін, триатлон құрамына кіретін спорт түрлерінің сипаттамаларын, материалды-техникалық қамтамасыз ету, техника мен биомеханикалық аспектілерін зерттеуге бағытталған.

Кездесуге қатысқандар жаңа білім беру бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің реестрінде тіркелгендігін, академияның 2021-2022 оқу жылында жас түлектерді қабылдауға даярлығын хабарлады.

«Бүгінде триатлон - қарқынды дамып, танымал болып келе жатқан спорт түрі. Біздің академия мен триатлон федерациясының бірлесе атқарған жұмысымыз негізінен триатлон саласындағы мамандардың теориялық және практикалық біліктілігін арттыруға бағытталды. Нәтижесінде тәжірибелік бағыттағы білім бағдарламасы жасалды. Серіктестігімізге қуаныштымыз және сенім артқандарыңыз үшін алғысымызды айтамыз», - деп пікір білдірді ҚазСТА-ның оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректоры, п.ғ.к., доцент Д.К. Нурмуханбетова.

«Академия оқуда, спортта және кәсіби салада озат бола білетін талантты әрі шығармашыл түлектерді қабылдауды көздейді», - деп қосты ол.

Талапкерлер мектептен кейін күндізгі оқу бөлімінде 4 жыл (бакалавриатта) оқиды. Техникалық және кәсіби білім алу негізіндегі жеделдетілген күндізгі оқу мерзімі 3 жылды құрайды.

Білім алушыларды қабылдау республикалық немесе жергілікті бюджеттен бөлінетін білім беру гранты негізінде, сондай-ақ, білім алушының өз қаражаты есебінен немесе өзгеде төлем көздері негізінде ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады. Оқуға ҰБТ, шығармашылық емтихан және сұхбаттасу қорытындылары бойынша қабылданады.

Анықтама

ҚазСТА – Қазақстандағы дене шынықтыру және спорт саласындағы жетекші жоғары оқу орны. Академия көп ұлтты. Қазақстанның өміріне дене шынықтырудың кеңінен енгізілуін қамтамасыз ететін 25000-нан астам мамандарды дайындады. Академияның профессорлық-оқытушылар құрамына 9 ғылым докторлары, 38 ғылым кандидаттары, 20 PhD докторлары, 15 еңбек сіңірген бапкерлер кіреді.

Қабылдау комиссиясы туралы ақпаратты www.kazast.edu.kz сайтынан алуға болады.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ