img

Қазіргі триатлон ұғымы 20 ғасырдың басында Францияда пайда болды.

L’Auto газеті «Les Trois Sports» деп аталатын жарыс туралы хабарлады, оның шарты үш кезеңнен өту болды: 3 шақырымдық жарыс, 12 шақырымдық веложарыс және Марна каналы арқылы жүзу. Үш бөлік те үзіліссіз еңсерілді. Уақыт өте келе еңсеру керек қашықтық өсті.

1 кезең:
Жүзу

Жарыстар жүзуден басталады. Барлық қатысушыларға бірдей жағада, понтоннан немесе тура судың ішінде (ұзақ триатлон кезінде) жалпы старт басталады. Судың температурасы төмен болған жағдайда (IRONMAN триатлонының ережелері бойынша, әдетте 24,5°С-ден жоғары емес) қалындығы 5 мм дейінгі гидрокостюмдерді пайдалануға жол беріледі. Әдетте, жүзу буйлар және арқандармен белгіленген үшбұрыштық маршрут бойынша жүргізіледі. Маршруттың ұзындығын әр өз бетімен қысқарту үшін айыппұлдық ұпайлар есептеледі, дисквалификациялауды қолдану да мүмкін. Спортшылар өздері қалайтын кез келген жүзу стилін пайдалана алады. Көп жағдайларда – бұл кроль стилі.

2 кезең:
Велосипед жарысы

Судан шыққаннан кейін спортшылар транзиттік орында киімдерін ауыстырады, велосипедтерге отырады және велосипедтік жарыс басталады.

Қашықтық бойында тамақтану орындары орналасқан, бірақ кәсіпқойлар үшін техникалық көмек көрсетуге тыйым салынған. Қысқа триатлонда әдетте топтық жарыстарға арналған тасжолдық велосипедтер пайдаланылады. IRONMAN триатлонында кәсіпқойлар влоспортта жеке жарыс үшін қолданылатындарға ұқсас велосипедтерді пайдалануды артық көреді. Халықаралық триатлон федерациясының (ITU) ережелері бойынша тасжолдық велосипедтерде рульге орнатылған қысқа «жатақтарды» пайдалануға жол беріледі. «Жатақ» тежеуіш тұтқалардың шеткі бөліктерін қосып тұратын сызықтан шығып тұрмауы тиіс. «Жатақтың» өзінің шығып тұратын бөліктерінің мүлде болмауы тиіс, немесе шығып тұратын бөліктері жалғастырғышпен (пластик ендірме немесе бірнеше қабат оқшаулағыш лентамен) қосылған болуы тиіс. Уақытқа жарысатын велоспорттағы жеке жарыстарда пайдаланылатындарға ұқсас ұзын «жатақтарға» тыйым салынады. Бұл түсінікті де, себебі қысқа триатлонда алда жүріп келе жатқан спортшының арқасына жай ғана жасырынып, өз аэродинамикаңды жақсарту мүмкіндігіне байланысты «жатақтардың» ерекше бір пайдасы жоқ. Олимпиадалық триатлонда веложарыс кезеңінде озып жүруге рұқсат берілген, яғни спортшылар топпен жүре алады. Ironman триатлонында топтасып озып жүруге тыйым салынады, спортшы алда келе жатқан велосипед немесе төрелік машинадан белгілі аралықта (шамамен 10-15 метр) жүріп отыруы тиіс, осылайша, велосипедтің аэродинамикасы маңызды бола түседі.

3 кезең:
Жүгіру

Ең басты ереже – спортшы аяқпен жылжуы тиіс. Кезеңдер арасындағы ауысу Кезеңдер арасындағы тәртіпті сақтау қатаң түрде белгіленген (жүзу -> велосипед -> жүгіру). Спортшылар басқа спортшыларға кедергі келтірмеуі тиіс (өздерінің велосипедтерін дайындау немесе киім ауыстыру кезінде). Олар велосипедтерін тек өздерінің белгіленген алаңшалары шегінде ғана айналымға дейін және одан кейін қолмен көшіре алады. Шлем айналымның алдында киіліп, велосипед арнайы рампаға немесе осы үшін бөлінген орынға қойылғаннан кейін шешілуі тиіс. Киім ауыстыру кезінде жалаңаш тұруға жарыстардың өткізу ережелерінің әлемдік стандарттарына сәйкес тйым салынады. Велосипед жарысы кезінде нөмірлік белгі спортшының арқасына тағылуы тиіс, жүгіру жарысы кезінде – кеудесіне тағылады. Спортшы әр кезең үшін белгіленген уақыт лимитінен аспауы тиіс.