2020 Жылғы сайыстарға тіркелу

Қазақстандық Триатлон Федерациясы барша триатлон және спорт сүйер қауымға 2 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 19.00-де ҚТФ бастамасымен және қатысуымен 2020 жылы болатын барлық жарыстарға тіркеу ашылатынын хабарлайды.

Еске сала кетейік, бұл маусымда Шымкент, Ташкент, Қостанай, Бішкек, Бурабай, Павлодар, Алматы, Ақтау және Душанбе қалаларында сайыстар өткізілмек. Сайыстарға Age Group, PRO және эстафеталық командалар санатындағы спортшылар қатыса алады. Тіркелу құны, орын саны және т.с.с. пайдалы ақпаратты әр сайыстың астындағы «Ақпарат» батырмасынан таба аласыздар. Сайыскер атану үшін өз нәтижелеріңіз бен рейтингіңізді бақылап отыруға мүмкіндік беретін жеке кабинет ашу қажет.

Тіркелу www.triathlon.org.kz сайтында.

Тіркелуге қатысты барлық сұрақтарыңызды info@triathlon.org.kz электронды поштасына жолдаңыздар.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ