Алдияр Қазтаев Қазақстандық Триатлон Федерациясының президенті болып сайланды

Бүгін Назарбаев Университетінде Қазақстандық Триатлон Федерациясының жыл сайынғы Конгресі аяқталды.

Конгресс ҚТФ президенті К.Қ. Мәсімовтің төрағалығымен өтті. Конгреске ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раимқұлова, мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, ҚР ҰОК бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев, астана әкімі Алтай Көлгінов, бақылаушы кеңіес төрағасы — ERG тобының бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев және т. б. қонақтар қатысты. Федерацияның жаңа президентті сайлау – Конгресс жұмысының басты нәтижесі әрі қазақстандық триатлон үшін басты жаңалық болды.

Өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты Конгресс мүшелері жаңа президентті және бірінші вице-президентті ашық дауыс беру жолымен сайлады. Жиынға қатысушылар Алдияр Қазтаевты бір ауыздан ҚТФ жаңа президенті етіп сайлады. Кәрім Мәсімов ҚТФ Құрметті президенті болып сайланды. Орта Азиялық Триатлон Ассоциациясының (САТА) президенті және Almaty Triathlon Federation басшысы Ғалымжан Есенов ҚТФ бірінші вице-президенті болып сайланды.

Еске сала кетсек, К.Қ. Мәсімов 2016 жылы, триатлон қазақстан үшін салыстырмалы түрде жас әрі аса танымал емес спорт түрі болып тұрған шақта федерация президенті болып сайланған еді. Кәрім Мәсімовтің басшылығымен қазақстандық триатлон жоспарлы әрі кешенді даму жолын өтті. Дәлірек айтқанда: ұйымның нормативті-құқықтық базасы жетілдірілді, федерацияның жұмысын басқаратын профилді комитеттер құрылды, басты халықаралық триатлон ұйымдарымен (ITU, ASTC, Ironman (WTC)) жақсы қарым-қатынас орнатылды, ел аймақтарында аккредиттелген федерациялар, олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер мектептерінде триатлон бөлімшелері мен секциялары ашылды, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ITU, ASTC, Ironman бірлескен ауқымды халықаралық сайыстар өткізілді, еліміздің барлық дерлік аймақтарында республикалық деңгейдегі сайыстар ұйымдастырылды, үлкен халықаралық додаларда ұлттық құрама мүшелері жақсы нәтижелер көрсетті, және де әдестемелік құжаттар шығарылып, білікті бапкерлер тәрбиелеу ісінде де біршама жетістіктерге қол жеткізілді. Сонымен қатар, әуесқойлық триатлонның дамуына үлкен серпіліс берген «TEMIRADAM» Кубогі құрылды. К.Қ. Мәсімовтің басшылығы кезіндегі федерацияның басты жетістіктері ретінде ҚТФ өкілдерінің Азиялық Триатлон Конфедерациясының (ASTC) Атқарушы кеңесіне және профилді комитеттеріне дауыс беру құқығымен сайланып енгендігін, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Ауғанстан және Қазақстан секілді бес елдің ұлттық федерацияларын біріктірген Орта Азиялық Триатлон Ассоциациясының (САТА) құрылуын атауға болады.

«Бүгінгі таңда қазақстандық триатлон өз даму жолында үлкен серпіліс жасады. Федерация айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Бұл бірлесе атқарған жұмыс пен дана басшылықтың арқасында екендігін сенімді түрде айтуға болады. Ұлттық федерацияның басқару үлкен абырой әрі жауапкершілік. Біздің триатлонға жүйелі әрі кешенді өсім қамтамасыз ете отырып, қалыптасқан дәстүрді сақтау керек. Бұл үшін барлық күшімді жұмсауға ниеттімін.», - деді Алдияр Қазтаев.

Бұдан басқа Конгресте федерацияның өткен жылы атқарған жұмысы бойынша есеп тыңдалып, келе жатқан олимпиадалық маусымға негізгі мақсаттар қойылды.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ