Жаттықтырушылар мен спортшылардың біліктілігін растаймыз

2019 жылы 10 қазанда "Almaty Triathlon Federation" ҚБ федерациясының жаттықтырушыларын және спортшыларын аттестаттаудан өткізеді.

Аттестаттау "жаттықтырушылар мен төрешілерді аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес өтеді. Аттестаттау бекітілген және ұсынылған "Триатлон. Спорт мектептеріне арналған бағдарлама" (Қазақстан триатлон федерациясы әзірлеген), сондай-ақ ҚР спорт туралы заңнамасын білу бойынша мәселелер, ITU халықаралық ережелері, Дүниежүзілік допингке қарсы қауымдастық (ДДҚА) және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар енгізілген.

Жаттықтырушылар мен спортшыларды аттестаттау тиісті біліктілік пен атқаратын лауазымдарына сәйкестігін тану және растау рәсімі болып табылады.

Аттестаттау комиссиясының құрамында: Когай Р.А. - «Almaty Triathlon Federation» ҚБ-нің атқарушы директоры, Смакова А. М. - Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, жоғары жетістіктер спорт бөлімінің басшысы; Мазур М. Н. - «Almaty Triathlon Federation» ҚБ триатлон бойынша бас жаттықтырушы, Варсанов Д. А. – «№14 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК бессайыс бөлімшесінің аға жаттықтырушысы, Черный М.- «Almaty Triathlon Federation» ҚБ триатлон бойынша жаттықтырушы Асылбек Г. Б. – "Almaty Triathlon Federation" ҚБ-нің жауапты хатшысы.

Алғаш рет Алматы қаласының 5 тренері және 13 жас кәсіби спортшы аттестаттаудан өтеді, одан әрі бағдарлама жылына бір рет тұрақты негізде өткізіледі.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ