Йохен Бербнер

«Almaty Triathlon Federation» ҚБ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Йохен Бербнер Қазақстанда McKinsey & Company (МакКинзи энд. Компани) компаниясының басқарушы серіктестігі болып табылады.

Йохен Қазақстан экономикасы үшін көптеген маңызды секторларда клиенттер үшін қызметтерді ұсынады - мемлекеттік секторда, қаржы, металлургия және энергетика, мұнай және газ секторларында. McKinsey шеңберінде Йохен әлемдік тау-кен өндіру секторының және операциялық қызмет бойынша тәжірибенің көшбасшыларының бірі болып табылады.

Қазақстанға көшіп келгенге дейін, Йохен Ресейде, Орталық Еуропада және Германияда жұмыс істеді.

Йохен университет кезіннен бастап нағыз триатлоншы болып табылады, тұрақты түрде әртүрлі дистанциялардан – Олимпиадалық, Ironman-ның жартылай дистанциясынан және Ironman-ның толық дистанциясынан өтеді. 2001 жылы ол команданың құрамында Германия чемпионатын жеңіп шықты. Жуырда, 2018 жылы, ол Астанада және Копенгагенде Ironman жарыстарын аяқтады.

Йохен үйленген. Оның және зайыбы – Дина Жарова-Бербнердің 3 баласы бар.