Үлкен триатлон Алматыда!
12
мая 21'

Үлкен триатлон Алматыда!

2021 жылдың 12-13 маусымында Алматыдағы Сайран көлінде екі ірі триатлон сайыстары өтеді – Elite санатындағы спортшылар арасында Триатлоннан Қазақстан Республикасы Чемпионаты және Pro и Age Group спортшылары арасында «TEMIRADAM» Кубогының ІІ кезеңі. 

Сайыс ұйымдастырушылары – «Қазақстандық Триатлон Федерациясы» және «Almaty Triathlon Federation» қоғамдық бірлестіктері.

«Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Sport Qory» спорт және туризм индустрисын қолдау қоры, Eurasian Resources Group компаниялар тобы, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және Алматы қаласының әкімдігі.

12 маусымда сайыс Elite санатындағы спортшылар арасында спринт қашықтығында өтеді. Қашықтық үш кезеңнен құралады: 750 м жүзу + 20 км вело + 5 км жүгіру.

Сайыстың басталуы: сағат 8.00

Марапаттау рәсімі: сағат 15.50

Сайыстың бас төрешісі: Михаил Кузнецов

Іс-шараның ресми сайты: www.triathlon.org.kz

13 маусымда Pro және Age Group санаттарындағы спортшылар арасында «TEMIRADAM» Кубогының ІІ кезеңі өтеді. Қашықтық үш кезеңнен құралады: 750 м жүзу + 20 км вело + 5 км жүгіру.

Сайыстың басталуы: сағат 10.00  

Марапаттау рәсімі: сағат 12.30

Бас төреші: Михаил Кузнецов