Аралас эстафетадан ҚР чемпионаты: Аймақтық командалардың нәтижелері
11
июля 21'

Аралас эстафетадан ҚР чемпионаты: Аймақтық командалардың нәтижелері

Бүгін Бурабайда триатлоннан ашық эстафетадағы Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты мәресіне жетті. Соңғы рет спорт жанкүйерлері триатлонның мұндай қызықты форматын 2019 жылы Қарағандыда өткен V Жазғы Спартакиада тамашалаған болатын.

Сайыста Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, сонымен қатар, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарынан келген Elite және U15 санатындағы спортшылардан құралған он алты команда сынға түсті. Әр команда құрамында төрт спортшы (екі-екіден ер және әйел) сайысып, олар кезекпен 250 м жүзу, 6,6 км велодода мен 1,6 км жүгіруден тұратын дистанцияны бағындырды.

Elite санатындағы біріккен жұмысты құрамында Екатерина Шабалина, Дарын Қонысбаев, Надежда Бекмаганбетова және Иван Тутукин сайысқан Нұр-Сұлтандық команда көрсете білді. Бәсекелестер ұлттық рейтингтің көшін бастаған Екатеринаның соңына ілесе алмады. Нәтижесінде астаналықтар 1 сағат 27 минут 34 секунд уақытымен ел чемпионы атанды.

Алматының намысын қорғаған Юлия Озерова, Ануар Турубаев, Дарья Бычкова және Кирилл Рожковтар - 1 сағат 32 минут 24 секунд уақытымен екінші орынға ие болды. Үздік үштікті Анастасия Захарова, Мейрлан Искаков, Наталья Короткова және Темирлан Темиров бастаған команда тұқйытады. Көкшетаулықтардың нәтижесі - 1 сағат 37 минут 07 секунд.

U15 жас санатында үлкен бәсекенің болғаны көз жеткіздік. Мәселен, қыздар арасындағы сайыстың көшбасшылары әр кезеңнен кейін ауысып отырды. Қиын доданы Ақмола облысы командасының құрамында өнер көрсеткен Ангелина Редченко, Станислав Глок, Ева Лошкомойникова және Никита Дубинскийлер жеңіп алып, 1 сағат 43 минут 45 секунд уақыты үшін алтын иеленді.  Юлиана Петрова, Сергей Петров, Анель Исабаева және Тимур Бакиров (Ақмола обл.) 1 сағат 45 минут 10 секунд нәтижесімен күміс алды. Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан комнада (Диана Ержанова, Куаныш Бекенов, Дара Унгарбаева және Алинаби Маралбеков) 1 сағат 45 минут 56 секунд нәтижесімен қола жүлде алды.

Бурабайда өткен бірінші сайыс күні осылайша аяқталды. Ертең, 11 шілдеде сайыс алаңына «TEMIRADAM» Кубогы ІІІ кезеңінің сайыскерлері ұықпақ.

Чемпионаттың толық нәтижелерімен мына сілтемеден танысуға болады.