Алматылық триатлет Еуропа Кубогында екінші орын алды
07
июня 21'

Алматылық триатлет Еуропа Кубогында екінші орын алды

Украинаның Днепр қаласында триатлоннан жасөспірімдер арасында Еуропа Кубогының Dnipro Triathlon Fest 2021 жарысы өтті. Мұндай беделді жарысқа Almaty Triathlon Federation құрамасының спортшылары алғаш рет қатысты.

Украинаның триатлон астанасына (кейде Днепр қаласын осылай атайды) алматылық төрт триатлет - Елдар Шекербек, Егор Крупяков, Ислам Гаджиев, Данил Породнов аттанды. Спортшылармен бірге Алматы құрамасының бас бапкері Максим Мазур болды.

Жасөспірімдер арасындағы жарыс Sprint арақашықтығында өтті (жүзу - 750 метр, велокезең - 20 километр, жүгіру - 5 километр). Оған Венгрия, Қазақстан, Латвия, Польша, Түркия және Украина спортшылары қатысты.

Жарыстың негізгі күресі Артур Лиепа (Латвия), Марцин Станглевич (Польша) және біздің спортшымыз Егор Крупяков арасында өтті. Егор латвиялық қарсыласына жүзуден 18 секундқа ұтылды, оларды велокезеңде жеңіп, бірақ 30 секундқа жүгіруден ұтылды. Нәтижесінде біздің триатлет екінші орынға ие болды, қорытынды нәтиже 00:56:23.

- Қарсыластар өте мықты болды, сондықтан мен бар күшімді салуға тырыстым. Мен үшін ең қиыны велокезең болды, онда барынша күш салуға тура келді, - деп мойындады Егор Крупяков.

Қалған қазақстандық спортшылар үшін жарыс нәтижесі сәтсіз аяқталғанымен, олар бәрібір Еуропаның үздік 20 юниорлар қатарына кірді. Данил Породнов 10-шы, Елдар Шекербек 14-ші және Ислам Гаджиев 19-шы орындарды иеленді.

- Жалпы, жасөспірімдер жақсы нәтижелер көрсетті, - деп санайды Almaty Triathlon Federation басшысы, Қазақстан триатлон федерациясының вице-президенті Ғалымжан Есенов. – Біздің жасөспірімдер алғаш рет еуропалық жарыстарда өнер көрсетті, және бір мезетте - екінші орынға ие болу, құрметті Жеңіс! Бізді Азияда жақсы біледі, ал Азия Чемпионаттарында Дарын Қонысбаев пен Александр Теннің жеңістерінен, Арина Шульгина мен Мейірлан Ысқақовтың қола медальдарынан кейін тіпті қорқа бастады. Енді қазақстандық жасөспірімдер туралы Еуропа да білді.