2022 жылдың соңғы спорттық іс-шарасы!
Indoor триатлоннан Алматы қаласының ашық чемпионаты
03-04 желтоқсан 2022 жыл
Кәсіби және әуесқой спортшылар үшін суперспринт қашықтығы 300 м (жүзу) – 8 км (вело) – 2 км (жүгіру).
Жарысқа тіркелу 2022 жылдың 09 қарашасында ашылып, 30 қараша күні сағат 23:29-да немесе қатысушылардың лимитіне жеткен кезде жабылады.
Чемпионаттың мақсаттары мен міндеттері:
триатлон спортшылары мен әуесқойлар санын ұлғайту;
әуесқойлардың спорттық шеберлігінің артуы;
осы спорт түрін насихаттау.
Кәсіби спортшылар келесі жас санаттарына қатыса алады: 10-13 жас, 14-15 жас, 16-17 жас және 18-19 жас.
Әуесқой спортшылар келесі санаттарда жарысқа жіберіледі: 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас және 50 жас және одан жоғары,
сондай-ақ 18 жастан асқан спортшылар командалық есепте
Қатысушылардың жалпы саны: 60 кәсіби спортшы, 60 әуесқой спортшы және 15 команда.
Жарыс мекен-жайы: "World Class Almaty" фитнес-клубы, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 89
Басталуы: сағ 08:00
Тіркелу және қатысу үшін ақы төлеу шарттары ЕРЕЖЕДЕ көрсетілген !!!