Ақан Қарғамбайұлы Сатаев

«Almaty Triathlon Federation» ҚБ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Қазақ кинорежиссёрі, актёр, сценарист және продюсер.

1994 жылы Т.К.Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевизия факультетін аяқтаған.

Sataifilm киностудиясының негізін құрушы.

2014 және 2017 жж. қорытындылары бойынша халықтың дауыс беруі бойынша Қазақстан киноиндустриясының үздік қайраткері атанды, «Жылдың халық сүйіктісі» Ұлттық Сыйлығының лауреаты.

ҚР еңбегі сіңген қайраткері.

Мақсаты жас қазақстандық режиссерлерді қолдау және шағын бюджетті авторлық киноны жаппай шығару болып табылатын Astana Film Found, қорының негізін салушы.

Википедияғы профилі