Александр Николаевич Винокуров

“Almaty Triathlon Federation” ҚБ қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Винокуров Александр Николаевич – қазақстандық кәсіпқой велошабандоз, 2012 жылғы топтық жарыста олимпиада чемпионы және 2006 жылғы «Вуэльта Испании» Гранд-турының жеңімпазы, «Париж-Ницца» және «Льеж-Бастоль-Льеж» кәсіпқой жарыстарының екі дүркін жеңімпазы, 2009 жылғы Азия Чемпионы, 2005 жылғы Қазақстан чемпионы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (1994).

2013 жылдан бастап – «Astana Pro Team» велокомандасының бас менеджері.

М.Қозыбаев атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетін бітірген, дене шынықтыру оқытушысы. 1996 жылдан бастап велоспорт бойынша Қазақстанның ұлттық командасының мүшесі.

«Парасат» ордені (2000) және «Барыс» орденімен (2006), және де «Қазақстан Республикасында спорт және дене шынықтыру дамуына сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапатталған (08.2014).